Қобда аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 135 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 26445 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің:

      1) Қобда аудандық мәслихатының "Қобда ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 20 қарашадағы № 112 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5720 болып тіркелген);

      2) Қобда аудандық мәслихатының "2017 жылғы 20 қарашадағы №112 "Қобда ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 323 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7057 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қобда аудандық
мәслихатының хатшысы
Ж. Ергалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады