Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәртөк аудандық мәслихатының келесі:
1) "Мәртөк ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 109 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5822 болып тіркелген);
2) "Мәртөк аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 109 "Мәртөк ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 340 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6640 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы |
Т. Көлкебаев |