Мәртөк аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 56 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қыркүйекте № 24498 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәртөк аудандық мәслихатының келесі:

      1) "Мәртөк ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 109 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5822 болып тіркелген);

      2) "Мәртөк аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 109 "Мәртөк ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 340 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6640 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк аудандық
мәслихатының хатшысы
Т. Көлкебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады