Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Ақтөбе облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы № 2 қорытындысы негізінде аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Сарыжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк ауданының Сарыжар ауылдық округінің Сарыжар ауылының атаусыз көшелеріне келесідей атаулар берілсін:
1 схемалық картаға сәйкес, "Абай";
2 схемалық картаға сәйкес, "Әл-Фараби";
3 схемалық картаға сәйкес, "Әбілқайыр хан";
4 схемалық картаға сәйкес, "Бөкенбай батыр";
5 схемалық картаға сәйкес, "Алтын Орда";
6 схемалық картаға сәйкес, "Едіге батыр";
7 схемалық картаға сәйкес, "Мәңгілік Ел";
8 схемалық картаға сәйкес, "Тәңірберген Молдабай";
9 схемалық картаға сәйкес, "Қамбар Медетов";
10 схемалық картаға сәйкес, "Жездібай батыр".
2. "Мәртөк ауданының Сарыжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарыжар ауылдық округінің әкімі | Ә. Тәжібай |
Сарыжар ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 2 шешіміне қосымша |