Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің:
1) Темір аудандық мәслихатының "Темір ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 178 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5791 болып тіркелген);
2) Темір аудандық мәслихатының "Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 178 "Темір ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 17 қазандағы № 391 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6427 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Шаимов |