Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ойыл аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Ойыл аудандық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 15 қарашадағы № 125 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5718 тіркелген) шешімі;
2) Ойыл аудандық мәслихатының "Ойыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 қарашадағы № 125 "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 13 қарашадағы № 350 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6463 тіркелген) шешімі.
2. "Ойыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Займолдин |