Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 06.12.2021 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 2-14/43 ұсынысы негізінде, Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі Ақжар ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен;
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қайыңды ауылдық округінің әкімі | И. Косдаулетов |