Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Ойыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 2-14/155 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Қайыңды ауылдық округі Ақжар ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі "Қайыңды ауылдық округі Ақжар ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8236 болып тіркелген) № 9 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қайыңды ауылдық округінің әкімі |
И. Косдаулетов |