Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкiмiнiң 25.08.2021 № 53 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі Бестамақ ауылы "Бірлік" шаруа қожалығының аумағындамүйізді ірі қара малдарының арасынан пастереллез ауруының анықталуына байланысты шектеу шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Саралжын ауылдық округінің әкімі | А. Мубараков |