"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 21 шілдедегі № 2-14/104 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі Бестамақ ауылы "Бірлік" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдарының арасынан пастереллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 32 "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкiмiнiң Бестамақ ауылы "Бірлік" шаруа қожалығының аумағында шектеу шараларын белгілеу" туралы шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23629 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Саралжын ауылдық округінің әкімі |
М. Тажигалиев |