Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы № 2 қорытындысы негізінде, Тоғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тоғыз ауылдық округіндегі келесі елді мекендердің көшелері қайта аталсын:
1) Төсбұлақ елді мекенінде "Теміржолшылар" көшесін "Әбілқайыр хан" көшесіне;
2) Көпмола ауылында "Теміржолшылар" көшесін "Бауыржан Момышұлы" көшесіне.
2. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тоғыз ауылдық округінің әкімі | Б. Ідірісов |