Тоғыз ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 24 ақпанда № 8064 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы № 2 қорытындысы негізінде, Тоғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тоғыз ауылдық округіндегі келесі елді мекендердің көшелері қайта аталсын:

      1) Төсбұлақ елді мекенінде "Теміржолшылар" көшесін "Әбілқайыр хан" көшесіне;

      2) Көпмола ауылында "Теміржолшылар" көшесін "Бауыржан Момышұлы" көшесіне.

      2. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тоғыз ауылдық округінің әкімі Б. Ідірісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады