"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығының 14-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) 2021 жылға арналған басым дақылдар тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) 2021 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
3) 2021 жылға арналған басым дақылдарға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Қаулысына 1-қосымша 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 172 |
2021 жылға арналған басым дақылдар тізбесі
№ р/с | Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы |
1 | Қант қызылшасы |
2 | Дәндік жүгері |
Қаулысына 2-қосымша 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 172 |
2021 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
№ | Облыс атауы | Бюджеттік субсидияның көлемі, теңге |
1 | Алматы облысы | 4 620 000 000 |
Барлығы | 4 620 000 000 |
Қаулысына 3-қосымша 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 172 |
2021 жылға арналған басым дақылдардың субсидиялар нормалары
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы | 1 тоннаға арналған бюджеттік субсидияның нормасы, теңге |
1 | Қант қызылшасы | 12 000 |
2 | Дәндік жүгері | 6 000 |