"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Алакөл ауданы әкімінің "Алакөл ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 20 тамыздағы № 13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3437 тіркелген, 2015 жылдың 03 желтоқсанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Алакөл ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Д. С. Сатыбалдиевке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Абдинов |