Алакөл ауданы әкімінің шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы әкімінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 20 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2021 жылы 21 сәуірде № 5933 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Алакөл ауданы әкімінің "Алакөл ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 20 тамыздағы № 13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3437 тіркелген, 2015 жылдың 03 желтоқсанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Алакөл ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Д. С. Сатыбалдиевке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Абдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады