"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Іле ауданы әкімдігінің "Іле ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 12 қазандағы № 9-505 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3557 тіркелген, 2015 жылдың 4 желтоқсанында "Іле таңы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің орынбасары С.Б. Ибраевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекетті тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Карасаев |