"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасай ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Д. Сансызбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасай ауданының әкімі | Ж. Далабаев |
2021 жылғы 25 қазандағы № 448 Қаулысына қосымша |
Қарасай ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Стационарлық емес сауда объектілерінің орналасқан орны | Алатын алаңы (шаршы метр, м²) | Қызмет саласы | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сонымен қатар қоғамдық тамақтану объетілері) |
1. | Қаскелең қаласы, Қаскелең –Шамалған 8 шақырымдағы айналмалы автомобиль жолының бойында, "Айзере" қонақ үй кешеніне қарама-қарсы | 600 | Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату) | 3 жыл | "Айзере" қонақ үй кешені |
2. | Елтай ауылдықокругі, Береке ауылы, Жібек жолы – Алматы 19 шақырымдағы автомобиль жолының бойында, "Ботагоз" дүкеніне қарама-қарсы | 600 | Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату) | 3 жыл | "Ботагоз" дүкені |