"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шонжы ауылы халықының пікірін ескере отырып және Алматы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 1 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Шонжы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шонжы ауылындағы Кентал Исламов көшесі Әл-Фараби көшесі, Абдулла Розыбакиев көшесі Мұқағали Мақатаев көшесі, Нуршидин Аппазов көшесі Абай көшесі деп қайта аталсын.
2. Шонжы ауылының солтүстік-батысында орналасқан көшелеріне келесі атаулар берілсін:
бірінші көшеге – Кентал Исламов;
екінші көшеге – Абдулла Розыбакиев;
үшінші көшеге – Нуршидин Аппазов.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шонжы ауылдық округінің әкімі | А. Курбаниязов |