Шонжы ауылының көшелерін қайта атау және атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 4-203 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2021 жылы 22 сәуірде № 5938 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шонжы ауылы халықының пікірін ескере отырып және Алматы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 1 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Шонжы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шонжы ауылындағы Кентал Исламов көшесі Әл-Фараби көшесі, Абдулла Розыбакиев көшесі Мұқағали Мақатаев көшесі, Нуршидин Аппазов көшесі Абай көшесі деп қайта аталсын.

      2. Шонжы ауылының солтүстік-батысында орналасқан көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      бірінші көшеге – Кентал Исламов;

      екінші көшеге – Абдулла Розыбакиев;

      үшінші көшеге – Нуршидин Аппазов.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шонжы ауылдық округінің әкімі А. Курбаниязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады