"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Үлкен Ақсу ауылдық округінің Үлкен Ақсу, Кіші Ақсу және Долайты ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 8 қазандағы қорытындысының негізінде, Ұйғыр ауданының Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кіші Ақсу ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
шығысындағы бірінші көшеге - "Таусамалы" көшесі;
оңтүстік-батысындағы бірінші көшеге - "Азаттық" көшесі.
2. Үлкен Ақсу ауылының "Саут Исмаил" көшесі "Бейбітшілік" көшесіне,
Долайты ауылының "Абдулла Розыбакиев" көшесі "Хантәңірі" көшесіне, Кіші Ақсу ауылының "Лутпулла Муталип" көшесі "Егемендік" көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үлкен Ақсу ауылдық оругінің әкімі | Р. СУДЖЕКОВ |