Үлкен Ақсу ауылдық округінің Үлкен Ақсу, Долайты, Кіші Ақсу ауылдарының көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 2-4 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2021 жылы 11 ақпанда № 5888 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Үлкен Ақсу ауылдық округінің Үлкен Ақсу, Кіші Ақсу және Долайты ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 8 қазандағы қорытындысының негізінде, Ұйғыр ауданының Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кіші Ақсу ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      шығысындағы бірінші көшеге - "Таусамалы" көшесі;

      оңтүстік-батысындағы бірінші көшеге - "Азаттық" көшесі.

      2. Үлкен Ақсу ауылының "Саут Исмаил" көшесі "Бейбітшілік" көшесіне,

      Долайты ауылының "Абдулла Розыбакиев" көшесі "Хантәңірі" көшесіне, Кіші Ақсу ауылының "Лутпулла Муталип" көшесі "Егемендік" көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үлкен Ақсу ауылдық оругінің әкімі Р. СУДЖЕКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады