Ескерту. Күшi жойылды – Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 13.01.2022 № 9 қаулысымен алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1-1 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 5 қазандағы № 03-10/882 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Бөзінген көшесіндегі иттен құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |