Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 1258 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қазанда № 24913 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды – Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 13.01.2022 № 9 қаулысымен алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1-1 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 5 қазандағы № 03-10/882 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Бөзінген көшесіндегі иттен құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады