Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 184 (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 157 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.";
көрсетілген қаулы мынадай мазмұндағы 1.1.-тармақпен толықтырылсын:
"1.1. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.";
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
Шымкент қаласының әкімі 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 1552 қаулысына 1-қосымша |
|
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы "19" наурыздағы № 184 қаулысына 1-қосымша |
2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия соммасы, теңге |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі | |||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1. | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 3 373 | 33 730 000 |
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
2.1. | Отандық | сатып алынған бас | 150 000 | 343 | 51 450 000 |
2.2. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | 80 | 12 000 000 | ||
Сүтті жәнесүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
3. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | ||||
3.1. | Отандық | сатып алынған бас | 200 000 | 67 | 13 400 000 |
3.2. | Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | сатып алынған бас | 400 000 | 68 | 27 200 000 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
4. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 60 | 343 300 | 20 598 000 |
Қой шаруашылығы | |||||
5. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
5.1. | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/ шағылысумаусымы | 4 000 | 3 432 | 13 728000 |
5.2. | Қойлардың тауарлық аналық басы | 2 500 | 12 417 | 31 042 500 | |
5.3. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | 15 000 | 4 061 | 60 915 000 | |
Шошқа шаруашылығы | |||||
6. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас/шағылысу маусымы | 40 000 | 740 | 29 600 000 |
Барлығы | 293 663 500 | ||||
Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері | |||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
7. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | тiрiдей салмағы, килограмм | 200 | 444 250 | 88 850 000 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
8. | Сүт өндіру құнынарзандату: | ||||
8.1. | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 | 6 022 473 | 120 449 460 |
8.2. | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 20 | 3 318 659 | 66 373 180 | |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
9. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату: | ||||
9.1. | 100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 1,2 | 90 000 000 | 108 000 000 |
9.2. | 20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | 1 | 28 166 556 | 28 166 556 | |
Етті құсшаруашылығы | |||||
10. | Құс етін өндіру құнын арзандату: | ||||
10.1. | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | 50 | 1 201 746 | 60 087 300 |
Барлығы | 471 926 500 | ||||
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген субсидиялар көлемдері | |||||
11. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограм | 60 | 38 900 | 2 334 000 |
Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | |||||
12. | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас | 35 000 | 1 865 | 65 275 000 |
12.1. | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық және етті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 50 000 | 1 107 | 55 350 000 | |
12.2. | Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған сүтті және сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды аналық бас | 70 000 | 275 | 19 250 000 | |
13. | Қойлардың аналық басы | 8 000 | 10 832 | 86 656 000 | |
14. | Жылқының аналық басы | 30 000 | 650 | 19 500 000 | |
15. | Шошқалардың аналық басы | 7 000 | 392 | 2 744 000 | |
Барлығы | 251 109 000 |
Шымкент қаласының әкімі 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 1552 қаулысына 2-қосымша |
|
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы "19" наурыздағы № 184 қаулысына 2-қосымша |
2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 басқа арналған субсидия нормативі, теңге | Өлшемшарттары | Өтінім беру мерзімі |
1 | Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы (Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған) | бас | 70 000 |
1) аналық баста тиісті тұқым жөніндегі республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы; | Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін |
2 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | бас | 50 000 |
1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы; | |
3 | Етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | бас | 50 000 |
1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы; | |
4 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас | 35 000 | 1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 15 бастан кем емес болуы; | |
5 | Қойлардың аналық басы | бас | 8 000 | 1) өтінім берген сәтте (жасы 12 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы; | |
6 | Жылқылардың аналық басы | бас | 30 000 | 1) өтінім берген сәтте (жасы 36 айдан) меншікті аналық басының 15 бастан кем емес болуы; | |
7 | Шошқалардың аналық басы | бас | 7 000 | 1) өтінім берген сәтте (жасы 12 айдан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы; |
Ескертпе:
Жануарларды күнтізбелік жыл ішінде сатып алған кезде ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар сомасының есебі жануарларды ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда тіркеген сәттен бастап жүзеге асырылады.
Өтінімді берген сәтте селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі.