Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидаларын бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 2 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 қаңтарда № 4884 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 314 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 29.12.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидалары бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 2 қаулысына қосымша

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидалары" (бұдан әрі – Қабылдау қағидалары) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2007 жылғы 27 шілдедегі (бұдан әрі – Заң) 26-бабының 2 тармағына, "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Білім беру ұйымдары оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Қабылдау қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.

      3. Білім алушылардың қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

      4. Сыныптарды білім алушылардың даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді.

      5. Білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде білім беру ұйымдарының басшылары "Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардығы № 93 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес білім беру қызметтерін көрсету үшін балалардың немесе білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен шарт жасайды.

      6. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      7. Баланың немесе білім алушының ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері баланың немесе білім алушының тілегі, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып және қабылдау шарттарына сәйкес білім беру ұйымдарын таңдайды.

      8. Білім беру ұйымына оқуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда білім алушының ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша білім беруді басқарудың жергілікті органдарына жүгінеді.

2-бөлім. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

      9. Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

      9-1. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру екі тәсіл: көрсетілетін қызметті беруші арқылы "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) қағаз түрінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті алу үшін баланың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету стандартында көрсетілген Үлгілік қағиданың 1-қосымшасына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.

      9-2. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.

      Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 20 тамыздан кешіктірілмей жүргізіледі.

      9-3. Портал арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама (құжаттарды қабылдау не дәлелді бас тарту) жіберіледі.

      9-4. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында баланың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымына қабылданатыны туралы хабарлама не болмаса дәлелді бас тарту келеді.

      9-5. Көрсетілетін қызметті беруші оқуға қабылдау кезінде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыларға өтініш берген бірінші үшеуге оқуға қабылданғаны туралы, содан соң - ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткерге оқуға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.

      9-6. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтінімді қағаз жеткізгіште берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркейді және бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Үлгілік қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша баланың ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап қабылданатыны немесе дәлелді бас тарту туралы қолхат береді.

      Өтінімді қағаз жеткізгіште берген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші баланы қабылдаған кезде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген бірінші үшеуін қабылдау туралы, содан кейін - ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткерге қабылдау туралы хабарлама жібереді.

      Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады.

      10. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау Үлгілік қағиданың 2-қосымшасымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады.

      10-1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Үлгілік қағиданың 2-қосымшасында көрсетілген құжаттар тізбесін портал немесе қағаз жеткізгіш арқылы тапсырады.

      10-2. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы электрондық есептен шығару талонын және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды алады.

      10-3. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қағаз жеткізгіште қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші тиісті құжаттардың қабылданғаны және қабылданғаны туралы қолхат немесе дәлелді бас тарту береді.

      10-4. Көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алған жағдайда білім беру ұйымынан шығатын оқушы басқа білім беру ұйымына келгені туралы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, оқу сыныбы, мектептің мекенжайы көрсетілген талон береді, осыдан кейін оған тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, оқу сыныбы, мектебінің мекенжайы және оның жеке ісі көрсетілген шығуы туралы есептен шығару талоны беріледі.

      10-5. Кету туралы есептен шығару талоны білім беру ұйымына білім алушының келуі және жеке ісін тапсыру үшін беріледі. Бастауыш, негізгі орта, орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыру растайтын құжаттардың негізінде білім беру ұйымдары басшыларының қабылдау/шығару туралы бұйрықтарымен жүргізіледі.

      10-6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған, ұсынылған құжаттарының дұрыс еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      10-7. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 5-бабы 2-тармағының 11 тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсетуді мониторингілеу ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      11. Білім алушыларды бастауыш және негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.

      12. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып және білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішінің және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының негізінде жүзеге асырылады.

      Өтініштерді қабылдау негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты бергеннен кейін басталады.

      13. Білім алушыларды гимназиялардың, лицейлердің оныншы, он бірінші сыныптарына қабылдау гимназияның, лицейдің жарғысына сәйкес аталған білім беру ұйымдары түрлерінің қызмет көрсету аумағы ескерілместен білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты негізінде жүзеге асырылады.

      14. Гимназиялар және лицейлер білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында айқындалған міндетті білім көлемін алуын қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін сыныптарды қалыптастырады.

      15. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі (бұдан әрі-конкурс).

      Мамандандырылған білім беру ұйымы өзінің интернет-ресурсында конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде сынып-жинақтарды қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін квотаны орналастырады.

      16. Мамандандырылған білім беру ұйымына түсуге үміткерлердің ата-аналарынан/заңды өкілдерінен конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 наурызынан 1 сәуірге дейін жүргізіледі.

      17. Мамандандырылған білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен құжаттарды қабылдау үшін жауапты тұлға тағайындалады. Жауапты тұлға конкурсқа қатысуға үміткерлердің электрондық базасын құруға (мамандандырылған білім беру ұйымының атауы, аты-жөні, ЖСН, сыныбы, оқыту тілі, электрондық мекен-жайы, дипломдарының көшірмелері (бар болса) жауапты болады.

      18. Конкурсқа қатысу үшін үміткердің ата-анасы/заңды өкілі белгіленген мерзімде мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында тіркеуден өтеді немесе мамандандырылған білім беру ұйымына жауапты тұлғаға келесі құжаттарды ұсынады:

      1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;

      2) ЖСН (қосымшада) көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      3) үміткердің электрондық мекен-жайын көрсете отырып, үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;

      4) үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;

      5) бар болса Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі - "Дарын" орталығы), облыстық білім басқармалары өткізетін республикалық олимпиадаларға қатысқаны туралы дипломның көшірмесі қоса беріледі.

      19. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті белгіленген мерзімнен кеш беру немесе құжаттар топтамасын толық ұсынбау құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз бола алады.

      20. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 3 сәуірге дейін әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының жауапты тұлғасы конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің электрондық базасын "Дарын" орталығына тест материалдарын қалыптастыру үшін тапсырады.

      21. "Дарын" орталығы басшысының бұйрығымен үміткерлердің электрондық базасымен жұмыс істеуге жауапты тұлға анықталады.

      22. "Дарын" орталығы оқуға қабылдау үшін конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссия құрады.

      23. Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің өңірлік органдарының, "Дарын" орталығының оқу-әдістемелік кеңесінің, арнайы мониторингтік топтар қызметкерлері, білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдар өкілдері кіреді.

      24. Конкурстық комиссияның төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс, бірақ жеті адамнан кем болмауы тиіс.

      25. Мамандандырылған білім беру ұйымы "Мың бала" ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын оқушылардың жалпы санының он пайызы мөлшерінде квотаны бекітеді.

      26. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына іріктеу жүргізу үшін конкурстық материалдарды "Дарын" орталығының оқу-әдістемелік кеңесі әзірлейді және бекітеді.

      27. Конкурс "Дарын" орталығы белгілеген мерзімде бекітілген кестеге сәйкес 15 – 30 сәуір аралығында өтеді.

      28. Конкурстық іріктеуді өткізу кестесі мамандандырылған білім беру ұйымдарының және "Дарын" орталығының интернет-ресурстарында 5 сәуірден бастап 15 сәуірге дейін орналастырылады.

      29. Конкурс офф-лайн (тестілеу) режимінде өтеді.

      30. Конкурсты өткізу үшін тест материалдарын "Дарын" орталығының қызметкерлері конкурс басталғанға дейін бір күн бұрын мамандандырылған білім беру ұйымдарына қағаз түрінде (пломбаланған) жеткізеді.

      31. Конкурс әрбір өңірде жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша "Дарын" орталығы алдын ала айқындайтын мамандандырылған білім беру ұйымының базасында өтеді. Үміткерлер арасында конкурс және қорытынды шығару әрбір мамандандырылған білім беру ұйымы бөлінісінде өткізіледі.

      32. Білім алушыларды мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін ғимаратқа, аудиторияға және конкурстық іріктеу алаңына енгізу үшін қолданылатын бейнебақылау және дыбыс жазу жүйесі орнатылады. Мамандандырылған білім беру ұйымы конкурсты өткізу үшін техникалық жабдықтармен жарақтандырылады.

      33. 7-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:

      - математика және логика - 55 сұрақ;

      - оқу сауаттылығы - 10 сұрақ;

      - Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.

      6-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 60 сұрақтан тұрады:

      - математика және логика - 35 сұрақ;

      - оқу сауаттылығы - 15 сұрақ;

      - Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.

      5-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 40 сұрақтан тұрады:

      - математика және логика - 30 сұрақ;

      - оқу сауаттылығы - 10 сұрақ.

      34. Тапсырмаларды шешуге бөлінген уақыт 7 сыныпта - 120 минут, 6 сыныпта - 90 минут, 5 сыныпта- 60 минут, (тест материалдарын тарату, жауап парағының бөлімдерін толтыру, сондай-ақ көрсетілген уақытқа түсіндіру жұмыстары кірмейді).

      35. Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл).

      36. Нәтижелерді өңдеуді Конкурстық комиссия жауап парақтарын сканерлеу арқылы жүргізеді, нәтижелерді алу "Дарын" орталығының бірыңғай тексеру жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Сұрақ-кітапшасы қарастырылмайды.

      37. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция жүргізілмейді.

      38. "Дарын" орталығы, облыстық білім басқармасы өткізетін республикалық олимпиадаларға қатысу туралы дипломның облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірдей балл жинаған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау кезінде басымдыққа ие болады.

      39. "Білім-инновация лицейді" қоспағанда, мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсушілерге конкурстық іріктеу бір турда (тестілеу) өткізіледі. "Білім-инновация" лицейіне конкурстық іріктеу және қабылдау "Білім-Инновация" халықаралық қоғамдық қоры белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

      40. Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға үміткерлерді қабылдау әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының бөлінісінде бос орындарға сәйкес баллдардың ең көп санынан басталады.

      41. Үміткерлерді конкурстық іріктеудің қорытындылары конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді және "Дарын" орталығының және мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурстарында конкурстық іріктеу өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей орналастырылады.

      42. Конкурс қорытындылары бойынша мамандандырылған білім беру ұйымының басшысы 5 мамырға дейін келесі оқу жылының 1 қыркүйегінде мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық, резервтік тізімге қабылдау туралы бұйрық шығарады.

      43. Үміткерлердің резервтік тізімін конкурстық комиссия негізгі бос орындарға кірмеген конкурсқа үміткерлер қатарынан (10 үміткерден артық емес) жиналған балдардың сомасы бойынша кему тәртібімен қалыптастырады және мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады.

      44. Резервтік тізімге енгізілген үміткерлер мамандандырылған білім беру ұйымдарына бос орын болған жағдайда оқу жылының ішінде қабылдана алады. Бос орындардың болуы мамандандырылған білім беру ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      45. 8-11-сыныптарда орын босаған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымы конкурстық іріктеуді дербес жүргізеді, бірақ "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 15681 болып тіркелген) Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сәйкес бекітілген оқушылар санынан аспайды.

      46. Әскери іс, спорттың және өнердің негіздері бойынша дарынды балаларды жетілдіруге бағытталған білім беретін мамандандырылған білім беру ұйымдары, мектеп Жарғысына сәйкес, функционалды кәсіби, психологиялық және физиологиялық мәліметтерді ескере отырып, талапкерлердің екінші турын өткізеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      47. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабының 2 тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      48. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Об утверждении правил приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования

Постановление акимата Жамбылской области от 6 января 2021 года № 2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 8 января 2021 года № 4884. Утратило силу постановлением акимата Жамбылской области от 29 декабря 2021 года № 314

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жамбылской области от 29.12.2021 № 314 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые "Правила приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования".

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление образования акимата Жамбылской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Жамбылской области;

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Е.Жилкибаева.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Жамбылской области Б. Сапарбаев

  Приложение к постановлению
акимата Жамбылской области
от 8 января 2021 года № 2

Правила приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования (далее–Правила приема) разработаны в соответствии пункта 2 статьи 26 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" (далее – Закон) и приказом министра образования и науки Республики Казахстан от 12 октября 2018 года № 564 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования" (далее – Типовые правила) (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 17553).

      2. Организации образования осуществляют прием на обучение в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, настоящими Правилами приема, иными нормативными правовыми актами, а также разработанными на их основе уставами организаций образования.

      3. Зачисление в число обучающихся производится на основании приказа руководителя организации образования.

      4. Не допускается комплектование классов по уровню подготовки и степени развития обучающихся.

      5. При приеме обучающихся в организации образования руководители организаций образования заключают с родителями или иными законными представителями детей или обучающихся договора на оказание образовательных услуг в соответствии с типовым договором оказания образовательных услуг, утвержденным приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 93 "Об утверждении форм типового договора оказания образовательных услуг для дошкольных организаций, организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, типового договора на проведение профессиональной практики и типового договора о дуальном обучении для организаций технического и профессионального, послесреднего образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13227).

      6. Прием на обучение в организации образования детей с особыми образовательными потребностями осуществляется с учетом заключения педагого-медико-психологической консультации при согласии родителей или иных законных представителей ребенка.

      7. Родители или иные законные представители ребенка или обучающегося выбирают организации образования с учетом желания, индивидуальных склонностей и особенностей ребенка или обучающегося и в соответствии с условиями приема.

      8. В случае отказа в приеме на обучение в организацию образования, родители или иные законные представители обучающегося обращаются по месту жительства в местные органы управления образованием.

Глава 2. Порядок приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования

      9. Организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального образования, обеспечивают прием в первый класс детей шести лет и детей, которым в текущем календарном году исполняется шесть лет, с обеспечением доступа всех детей, проживающих на территории обслуживания организации образования, независимо от уровня подготовки.

      9-1. Прием документов и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляются посредством веб-портала "электронного правительства" (далее – портал) и на бумажном носителе через организации начального, основного среднего, общего среднего образования (далее – услугодатель).

      Для получения государственной услуги родители или иные законные представители ребенка (далее - услугополучатель) предоставляют услугодателю перечень документов согласно в приложению 1 к Типовым правилам.

      9-2. Прием документов от родителей или иных законных представителей ребенка, поступающих в первый класс организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального образования, производится с 1 апреля по 1 августа текущего календарного года.

      В случаях осуществления ограничительных мероприятий соответствующими государственными органами, введения чрезвычайного положения, возникновения чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера на определенной территории, прием документов в первый класс организаций образования производится не позднее 20 августа текущего года.

      9-3. Услугополучателю, обратившемуся посредством портала в "личный кабинет", направляется уведомление о принятии запроса для оказания государственной услуги с указанием даты и времени получения результата государственной услуги (прием документов либо мотивированный отказ).

      9-4. При обращении через портал в "личный кабинет" услугополучателя в течение одного рабочего дня поступает уведомление о зачислении ребенка с 1 сентября текущего года в организацию образования, в форме электронного документа, подписанного электронной цифровой подписью (далее - ЭЦП) уполномоченного лица услугодателя либо мотивированный отказ.

      9-5. Услугодатель при зачислении направляет уведомление о зачислении с 1 сентября текущего года первым троим подавшим заявление услугополучателям с территории обслуживания организации образования, затем - о зачислении с 1 сентября текущего года 1 (одному) претенденту не из территории обслуживания организации образования, из числа тех, кто зарегистрировался первым.

      9-6. При подаче заявки через услугодателя на бумажном носителе сотрудник услугодателя регистрирует документы и в течение одного рабочего дня выдает услугополучателю расписку о приеме ребенка с 1 сентября текущего года по форме согласно приложению 1 к Типовым правилам либо мотивированный отказ.

      В случае подачи заявки на бумажном носителе, услугодатель при зачислении ребенка направляет уведомление о зачислении с 1 сентября текущего года первым троим подавшим заявление услугополучателям с территории обслуживания организации образования, затем - о зачислении с 1 сентября текущего года 1 (одному) претенденту не из территории обслуживания организации образования, из числа тех, кто зарегистрировался первым.

      Приказ о зачислении в первый класс издается организацией образования не ранее 25 августа текущего года.

      10. Прием документов для перевода детей между организациями начального, основного среднего, общего среднего образования осуществляется через портал или через услугодателя на бумажном носителе согласно стандарту оказания государственной услуги, утвержденному приложением 2 к Типовым правилам.

      10-1. Для получения государственной услуги "Прием документов для перевода детей между организациями начального, основного среднего, общего среднего образования" услугополучатель подает через портал или на бумажном носителе перечень документов, указанных в стандарте госуслуг в приложении 2 к Типовым правилам.

      10-2. В случае обращения через портал услугополучателю в "личный кабинет" направляется статус о принятии запроса на государственную услугу.

      Услугополучатель получает электронный открепительный талон и уведомление о зачислении в организацию образования в форме электронного документа, подписанного ЭЦП уполномоченного лица услугодателя или мотивированный отказ.

      10-3. При приеме от услугополучателя документов на бумажном носителе услугодателем выдается расписка о приеме соответствующих документов и зачислении или мотивированный отказ.

      10-4. В случае получения услуги на бумажном носителе выбывающий из организации образования предоставляет талон о прибытии в другую организацию образования, в котором указывается его фамилия, имя, отчество (при наличии), дата рождения, класс обучения, школа с указанием адреса, далее выдается открепительный талон о выбытии с указанием фамилии, имени, отчества (при наличии), даты рождения, класса обучения, школы с указанием адреса и его личное дело.

      10-5. Открепительный талон о выбытии выдается для предъявления в организацию образования для прибытия обучающегося и сдачи личного дела. Перевод из одной организации среднего образования в другую, реализующей образовательные программы начального, основного среднего, среднего образования производится приказами руководителей организаций образования о зачислении/отчислении на основании подтверждающих документов.

      10-6. В случае предоставления услугополучателем неполного пакета документов и (или) документов с истекшим сроком действия, установления недостоверности представленных документов услугодатель отказывает в приеме заявления.

      10-7. Услугодатель обеспечивает внесение сведений о стадии оказания государственной услуги в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг в порядке согласно подпункту 11 пункта 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" от 15 апреля 2013 года.

      11. Прием обучающихся во вторые, третьи, четвертые, пятые, шестые, седьмые, восьмые, девятые классы организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального и основного среднего образования, осуществляется с обеспечением доступа обучающихся, проживающих на территории обслуживания организации образования.

      12. Прием обучающихся в десятые, одиннадцатые классы организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы общего среднего образования, осуществляется с обеспечением доступа обучающихся, проживающих на территории обслуживания организации образования, и на основании личного заявления обучающихся либо заявления их родителей или иных законных представителей, а также наличия документа государственного образца об основном среднем образовании.

      Прием заявлений начинается после вручения документа государственного образца об основном среднем образовании.

      13. Прием обучающихся в десятые, одиннадцатые классы гимназий, лицеев осуществляется в соответствии с уставом гимназии, лицея на основании личного заявления обучающихся либо заявления их родителей или иных законных представителей и наличия документа государственного образца об основном среднем образовании без учета территории обслуживания данных видов организаций образования.

      14. Гимназии и лицеи формируют общеобразовательные классы для обеспечения получения обязательного объема знаний, определенных государственными общеобязательными стандартами образования Республики Казахстан, с обеспечением доступа обучающихся, проживающих на территории обслуживания организации образования.

      15. Прием на обучение в специализированные организации образования производится на конкурсной основе (далее-конкурс).

      Специализированная организация образования на своем интернет-ресурсе размещает квоту, позволяющую осуществить формирование класс-комплектов при проведении конкурсного отбора.

      16. Прием документов для участия в конкурсе от родителей/законных представителей претендентов, поступающих в специализированную организацию образования, производится с 1 марта по 1 апреля текущего календарного года.

      17. Приказом руководителя специализированной организации образования назначается ответственное лицо для приема документов. Ответственное лицо несет ответственность за создание электронной базы претендентов (наименование специализированной организации образования, ФИО, ИИН, класс, язык обучения, электронный адрес, копии дипломов (при наличии)) на участие в конкурсе.

      18. Для участия в конкурсе родитель/законный представитель претендента в установленные сроки проходит регистрацию на интернет-ресурсе специализированной организации образования или предоставляет в специализированную организацию образования ответственному лицу следующие документы:

      1) заявление от родителей или иных законных представителей ребенка;

      2) копия свидетельства о рождении претендента с указанием (приложением) ИИН;

      3) справка претендента с места учебы с фото, заверенная печатью организации, с указанием электронного адреса претендента;

      4) фотография претендента размером 3х4 в количестве 2 штук;

      5) при наличии прилагается копия диплома об участии в республиканских олимпиадах, проводимых Республиканским научно-практическим центром Министерства образования и науки Республики Казахстан "Дарын" (далее - Центр "Дарын"), областными управлениями образования.

      19. Основанием для отказа в приеме документов может являться подача заявления об участии в Конкурсе позже установленных сроков или неполный пакет документов.

      20. После завершения приема документов до 3 апреля ответственное лицо каждой специализированной организации образования передает электронную базу претендентов для участия в конкурсе Центру "Дарын" для формирования тестовых материалов.

      21. Приказом руководителя Центра "Дарын" определяется ответственное лицо для работы с электронными базами претендентов.

      22. Для организации и проведения конкурса для приема на обучение Центром "Дарын" создается конкурсная комиссия.

      23. В состав конкурсной комиссии входят председатель конкурсной комиссии, сотрудники территориальных органов Комитета по обеспечению качества в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан, учебно-методического совета Центра "Дарын", специальных мониторинговых групп, представителей общественных организаций в области образования.

      24. Председатель конкурсной комиссии выбирается из числа членов комиссии. Количество членов комиссии должно составлять нечетное число, но не менее семи человек.

      25. Специализированной организацией образования утверждается квота в размере десяти процентов от общего количества принимаемых обучающихся в 7 классы для победителей национальной интеллектуальной олимпиады из сельских школ "Mың бала".

      26. Конкурсные материалы для проведения отбора в специализированные организации образования разрабатываются и утверждаются учебно-методическим советом Центра "Дарын".

      27. Конкурс проходит в установленные Центром "Дарын" сроки в период с 15 по 30 апреля согласно утвержденному графику.

      28. График проведения конкурного отбора размещается на интернет ресурсах специализированных организаций образования и Центра "Дарын" с 5 по 15 апреля.

      29. Конкурс проходит в режиме офф-лайн (тестирование).

      30. Тестовые материалы для проведения конкурса доставляются в специализированные организации образования в бумажном варианте, (запломбированные) сотрудниками Центра "Дарын" за день до начала проведения конкурса.

      31. Конкурс проходит в каждом регионе на базе специализированной организации образования, заранее определяемой Центром "Дарын" по согласованию с местными исполнительными органами. Конкурс и подведение итогов проводится среди претендентов на зачисление в специализированную организацию образования в разрезе каждой специализированной организации образования.

      32. Для обеспечения прозрачности приема обучающихся в специализированной организации образования устанавливаются системы видеонаблюдения и аудиозаписи, используемые для запуска в здание, аудитории и места проведения конкурсного отбора. Специализированная организация образования оснащается техническим оборудованием для проведения Конкурса.

      33. Тестирование для поступающих в 7 класс включает 75 вопросов по следующим предметам:

      - математика и логика – 55 вопросов;

      - грамотность чтения – 10 вопросов;

      - история Казахстана – 10 вопросов.

      Тестирование для поступающих в 6 класс включает 60 вопросов по следующим предметам:

      - математика и логика – 35 вопросов;

      - грамотность чтения – 15 вопросов;

      - история Казахстана – 10 вопросов.

      Тестирование для поступающих в 5 класс включает 40 вопросов по следующим предметам:

      - математика и логика – 30 вопросов;

      - грамотность чтения – 10 вопросов.

      34. Время, отведенное на тестирование в 7 классе составляет 120, в 6 классе – 90 минут, в 5 классе - 60 минут (время на раздачу тестовых материалов, заполнение секторов Листа ответов, а также разъяснительную работу в указанное время не входит).

      35. При вычислении итоговых результатов теста количество правильных ответов умножается на коэффициент "4" (четыре), тогда как один неправильный ответ умножается на коэффициент "-1". Таким образом, высчитывается общий итог (4* правильных ответа +(-)* неправильный ответ= общему итоговому баллу).

      36. Обработка результатов проводится конкурсной комиссией при помощи сканирования листов ответа, получение результатов обеспечивается через единую систему проверки Центра "Дарын". Книжка-вопросник не рассматривается.

      37. Апелляция по результатам конкурсного отбора не проводится.

      38. Победители и призеры областного этапа диплома об участии в республиканских олимпиадах, проводимых Центром "Дарын", областным управлением образования при одинаковом количестве набранных баллов имеют преимущество при зачислении в специализированную организацию образования.

      39. Конкурсный отбор для претендентов, поступающих в специализированные организации образования, за исключением "Білім-Инновация" лицейі", проводится в один тур (тестирование). Конкурсный отбор и прием в Білім-Инновация" лицейі" проводится в порядке определенном Международным общественным фондом "Білім-Инновация".

      40. Зачисление претендентов на обучение в специализированную организацию образования происходит от максимального количества баллов в соответствии с вакантными местами в разрезе каждой специализированной организации образования.

      41. Итоги конкурсного отбора претендентов оформляются протоколом конкурсной комиссии и размещаются на интернет-ресурсах Центра "Дарын" и специализированной организации образования не позднее следующего дня после проведения конкурсного отбора.

      42. По итогам конкурса до 5 мая руководитель специализированной организации образования издает приказ о зачислении в специализированную организацию образования с 1 сентября следующего учебного года и приказ по зачислению в резервный список.

      43. Конкурсной комиссией формируется резервный список претендентов из числа претендентов конкурса (не более 10-ти претендентов), не вошедших в основные вакансии, по сумме набранных баллов в порядке убывания и размещается на интернет-ресурсе специализированной организации образования.

      44. Претенденты, зачисленные в резервный список, могут быть приняты в специализированные организации образования в течение учебного года при наличии вакантных мест. Наличие вакантных мест размещается на интернет-ресурсе специализированной организации образования.

      45. При высвобождении мест в 8-11 классах специализированная организация образования проводит конкурсный отбор самостоятельно, но не более утвержденного количества учащихся в соответствии с Санитарно-эпидемиологическими требованиями к объектам образования, утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 августа 2017 года № 611 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам образования""(зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15681).

      46. Специализированные организации образования, обеспечивающие образование, направленное на углубленное освоение одаренными детьми основ военного дела, спорта, искусства, согласно Уставу школ проводят второй тур претендентов с учетом функциональных профессиональных, психологических и физиологических данных

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействий) местных исполнительных органов, города республиканского значения и столицы, района (города областного значения) услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг.

      47. Жалоба на решение, действий (бездействия) услугодателя по вопросам оказания государственных услуг может быть подана на имя руководителя услугодателя, в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" от 15 апреля 2013 года подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      48. В случаях несогласия с результатами оказания государственной услуги услугополучатель обращается в суд в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.