"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №2 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 314 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 қаңтарда № 26433 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4884 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады