"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етілсін:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 36 қаулысына қосымша |
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 193 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2765 болып тіркелген, 2015 жылдың 24 қыркүйегінде "Ақ Жол" газетінде жарияланған).
2. "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 132 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3078 болып тіркелген, 2016 жылдың 3 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 145 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3096 болып тіркелген, 2019 жылдың 9 маусымында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3331 болып тіркелген, 2017 жылдың 13 наурызында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. "Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 177 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3524 болып тіркелген, 2017 жылдың 21 қыркүйгінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).
6. "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 132 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 294 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3686 болып тіркелген, 2018 жылдың 31 қаңтарында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).
7. "Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 296 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3685 болып тіркелген, 2018 жылдың 2 ақпанында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).
8. "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 132 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 114 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3888 болып тіркелген, 2018 жылдың 17 шілдесінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).
9. "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысының әкімдігінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 175 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4318 болып тіркелген, 2019 жылдың 2 қыркүйегінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).
10. "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 265 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4423 болып тіркелген, 2019 жылдың 3 желтоқсанында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).