Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2021 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4901 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жамбыл облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің |2021 жылғы 21 қазандағы № 229 қаулысына қосымша |
2021 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
№ | Тауарлы балық өнімдерінің түрі | Өндіріс көлемі (тонна) | Бір килограмм балық азығына бөлінетін субсидиялар сомасы (теңге) | Субсидия көлемі, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 233,36 | 105 | 24503,0 |
2. | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 103,703 | 270 | 28000,0 |
Барлығы | 52503,0 |