"2021 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №47 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 21 қазандағы № 229 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қазанда № 24882 болып тіркелді

      Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2021 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4901 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жамбыл облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
|2021 жылғы 21 қазандағы
№ 229 қаулысына қосымша

2021 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері

Тауарлы балық өнімдерінің түрі

Өндіріс көлемі (тонна)

Бір килограмм балық азығына бөлінетін субсидиялар сомасы (теңге)

Субсидия көлемі, мың теңге

1

2

3

4

5

1.

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары

233,36

105

24503,0

2.

Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары

103,703

270

28000,0

Барлығы



52503,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады