Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4894 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2021 жылға арналған субсидиялар көлемдері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жамбыл облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 40 қаулысына қосымша |
2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 10000 | 70 000 | 700 000 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 15000 | 17 939 | 269 085 |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | Бас/шағылыстыру маусымы | 100000 | 1 500 | 150 000 |
3. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | Сатып алынған бас | 150000 | 4 000 | 600 000 |
4. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
4.1 | Отандық | Сатып алынған бас | 150000 | 1 500 | 225 000 |
4.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | Сатып алынған бас | 225000 | 2 000 | 450 000 |
5. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | Тірідей салмағы, килограмм | 200 | 1499436 | 299 887,2 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
1.1 | Отандық | Сатып алынған бас | 200000 | 494 | 98 800 |
1.2 | Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | Сатып алынған бас | 400000 | 146 | 58 400 |
2. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
2.1 | Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 45 | 3499972 | 157 498,74 |
2.2 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 | 7932500 | 158 650 |
2.3 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 | 10200660 | 204 013,2 |
3. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау | Ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас | 5000 | 2 148 | 10 740 |
Етті құс шаруашылығы | |||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату: | ||||
1.1 | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген килограмм | 60 | 3999969 | 239 998,14 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату (2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады): | ||||
1.1 | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген дана | 1,1 | 235200 | 258,72 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | Бас/ шағылыстыру маусымы | 4000 | 150 000 | 600 000 |
1.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | Бас/ шағылыстыру маусымы | 2500 | 240 000 | 600 000 |
2. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | Сатып алынған бас | 15000 | 15000 | 225 000 |
3. | Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу | Бас/шағылыстыру маусымы | 10000 | 1730 | 17300 |
4. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату | Өткізілген бас | 3000 | 50 000 | 150 000 |
5. | Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарды субсидиялау | Ұрықтандырылған бас/шағылыстыру маусымы | 1500 | 6 666 | 9 999 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | Сатып алынған бас | 100000 | 50 | 5000 |
Шошқа шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | Сатып алынған бас | 140000 | 119 | 16 660 |
2. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | Бас/ шағылыстыру маусымы | 40000 | 750 | 30 000 |
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен: | |||||
1. | Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | Балара ұясы/маусым | 5000 | 6000 | 30 000 |
2. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | Килограмм | 60 | 370000 | 22 200 |
Жиыны: | 5 328 490 |