2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 40 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 ақпанда № 4894 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Нығмашевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы 5 ақпандағы № 40
қаулысына қосымша

2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 18.11.2021 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидия көлемі

Субсидия сомасы, мың теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:





1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

Бас/шағылыстыру маусымы

10000

70 000

700 000

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

Бас/шағылыстыру маусымы

15000

17 939

269 085

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

Бас/шағылыстыру маусымы

100000

1 500

150 000

3.

Етті, етті-сүтті тұқымдардың отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу

Сатып алынған бас

150000

4 000

600 000

4.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:





4.1

Отандық

Сатып алынған бас

150000

1 500

225 000

4.2

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған

Сатып алынған бас

225000

2 000

450 000

5.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату

Тірідей салмағы, килограмм

200

1499436

299 887,2

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:





1.1

Отандық

Сатып алынған бас

200000

494

98 800

1.2

Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған

Сатып алынған бас

400000

146

58 400

2.

Сүт өндіру құнын арзандату:





2.1

Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық

Өткізілген немесе өңделген килограмм

45

3499972

157 498,74

2.2

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

Өткізілген немесе өңделген килограмм

20

7932500

158 650

2.3

Ауыл шаруашылығы кооперативі

Өткізілген немесе өңделген килограмм

20

10200660

204 013,2

3.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау

Ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас

5000

2 148

10 740

Етті құс шаруашылығы

1.

Құс етін өндіру құнын арзандату:





1.1

5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

Өткізілген килограмм

60

3999969

239 998,14

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату (2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады):





1.1

50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

Өткізілген дана

1,1

235200

258,72

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:





1.1

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

Бас/ шағылыстыру маусымы

4000

150 000

600 000

1.2

Қойлардың тауарлық аналық басы

Бас/ шағылыстыру маусымы

2500

240 000

600 000

2.

Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу

Сатып алынған бас

15000

15000

225 000

3.

Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу

Бас/шағылыстыру маусымы

10000

1730

17300

4.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату

Өткізілген бас

3000

50 000

150 000

5.

Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарды субсидиялау

Ұрықтандырылған бас/шағылыстыру маусымы

1500

6 666

9 999

Жылқы шаруашылығы

1.

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

Сатып алынған бас

100000

50

5000

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқалар сатып алу

Сатып алынған бас

140000

119

16 660

2.

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

Бас/ шағылыстыру маусымы

40000

750

30 000

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:

1.

Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

Балара ұясы/маусым

5000

6000

30 000

2.

Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

Килограмм

60

370000

22 200


Жиыны:




5 328 490


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады