"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Меркі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Меркі ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Меркі аудандық мәслихатының "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін көмек беру туралы" 2019 жылғы 24 қазандағы № 56-3 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №4369 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Меркі аудандық маслихат | |
хатшысы | М. Кокрекбаев |
Меркі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 қазандағы №14-3 шешіміне қосымша |
Меркі ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы қағида "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасақталды және Меркі ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
3. Меркі ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдардың мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардың өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізімдерінің негізінде, "Казпошта" акционерлік қоғамы бөлімшелері арқылы көрсетіледі.
4. Әлеуметтік қолдау Меркі ауданының аумағында ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.
5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.