Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 – 2019, 2019 – 2020, 2020 – 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 шілдедегі "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2020 - 2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 46/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5961 болып тіркелген, 2020 жылғы 27 шілдеде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 02/01 қаулысына қосымша |
|
Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 шілдедегі № 46/01 қаулысына 1 қосымша |
2020-2021 оқу жылына арналған жоғары бiлiмдi мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі
Даярлау бағытының коды және атауы | Білім беру бағдарламасы тобының коды | Білім беру бағдарламалары тобының атауы | Мемле-кеттік білім беру тапсырысының көлемі | Оқу жылы ішінде 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) ұлттық жоғары оқу орындарында/ басқа жоғары оқу орындарында |
6B01 Педагогикалық ғылымдар | ||||
6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы | В002 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу | 5 | 1010,9/901,0 |
6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау | В003 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | 5 | 1010,9/901,0 |
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау | В005 | Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау | 10 | 1010,9/901,0 |
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау | В009 | Математика мұғалімдерін даярлау | 5 | 1010,9/901,0 |
В010 | Физика мұғалімдерін даярлау | 5 | 1010,9/901,0 | |
6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау | В015 | Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау | 5 | 1010,9/901,0 |
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау | В017 | Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | 5 | 1010,9/901,0 |
В018 | Шет тілі мұғалімдерін даярлау | 5 | 1010,9/901,0 | |
6В019 Арнайы педагогика | В020 | Арнайы педагогика | 5 | 1010,9/901,0 |
Жиыны | 50 | |||
6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат | ||||
6B031 Әлеуметтік ғылымдар | В041 | Психология | 5 | 1010,9/714,9 |
6B032 Журналистика және ақпарат | В042 | Журналистика және репортер ісі | 10 | 1010,9/714,9 |
Жиыны | 15 | |||
6B04 Бизнес, басқару және құқық | ||||
6B041 Бизнес және басқару | В045 | Аудит және салық салу | 5 | 1010,9/714,9 |
Жиыны | 5 | |||
6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | ||||
6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | В057 | Ақпараттық технологиялар | 5 | 1010,9/1010,9 |
6B063 Ақпараттық қауіпсіздік | В058 | Ақпараттық қауіпсіздік | 5 | 1010,9/1010,9 |
Жиыны | 10 | |||
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары | ||||
6B072 Өндірістік және өңдеу салалары | В071 | Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру | 5 | 1010,9/1010,9 |
В271 | Мұнай-газ ісі | 5 | 1010,9/1010,9 | |
Жиыны | 10 | |||
Барлығы | 90 |