"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2020 - 2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 шілдедегі № 46/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 02/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 қаңтарда № 6161 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 – 2019, 2019 – 2020, 2020 – 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 шілдедегі "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2020 - 2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 46/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5961 болып тіркелген, 2020 жылғы 27 шілдеде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2021 жылғы 8
қаңтардағы
№ 02/01
қаулысына қосымша
  Қарағанды облысы әкімдігінің
2020 жылғы 22 шілдедегі
№ 46/01 қаулысына
1 қосымша

2020-2021 оқу жылына арналған жоғары бiлiмдi мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Даярлау бағытының коды және атауы

Білім беру бағдарламасы тобының коды

Білім беру бағдарламалары тобының атауы

Мемле-кеттік білім беру тапсырысының көлемі

Оқу жылы ішінде 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) ұлттық жоғары оқу орындарында/ басқа жоғары оқу орындарында

6B01 Педагогикалық ғылымдар

6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

В002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

5

1010,9/901,0

6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

5

1010,9/901,0

6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

10

1010,9/901,0

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

5

1010,9/901,0

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

5

1010,9/901,0

6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау

В015

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

5

1010,9/901,0

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

5

1010,9/901,0

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

5

1010,9/901,0

6В019 Арнайы педагогика

В020

Арнайы педагогика

5

1010,9/901,0



Жиыны

50

6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

6B031 Әлеуметтік ғылымдар

В041

Психология

5

1010,9/714,9

6B032 Журналистика және ақпарат

В042

Журналистика және репортер ісі

10

1010,9/714,9



Жиыны

15

6B04 Бизнес, басқару және құқық

6B041 Бизнес және басқару

В045

Аудит және салық салу

5

1010,9/714,9



Жиыны

5

6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

В057

Ақпараттық технологиялар

5

1010,9/1010,9

6B063 Ақпараттық қауіпсіздік

В058

Ақпараттық қауіпсіздік

5

1010,9/1010,9



Жиыны

10

6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

6B072 Өндірістік және өңдеу салалары

В071

Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

5

1010,9/1010,9


В271

Мұнай-газ ісі

5

1010,9/1010,9



Жиыны

10



Барлығы

90


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады