Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 – 2019, 2019 – 2020, 2020 – 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 шілдедегі "Жоғары білімі бар мамандарды даярлаудың 2019 - 2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 43/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5414 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 шілдеде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 04/01 қаулысына 1 қосымша |
|
Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 43/01 қаулысына 1 қосымша |
2019-2020 оқу жылына арналған жоғары бiлiмдi мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі
р/с | Білім беру саласының коды және сыныпталуы | Жоғары білім дайындау бағыттарының коды және жіктеуіші | 2019-2020 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі | Оқу жылы ішінде 1 студентті оқытуға жұмсала-тын орташа шығыстар (мың теңге) ұлттық жоғары оқу орындарын-да/ басқа жоғары оқу орындарында |
1 | 6B01 Педагогикалық ғылымдар | 6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы | 5 | 635,8/443,3 |
6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау | 10 | 635,8/443,3 | ||
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау | 10 | 635,8/443,3 | ||
6В019 Арнайы педагогика мамандарын даярлау | 10 | 635,8/443,3 | ||
2 | 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | 6B021 Өнер | 5 | 635,8/371,8 |
3 | 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат | 6B032 Журналистика және ақпарат | 10 | 635,8/342,9 |
4 | 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары | 6B072 Өндірістік және өңдеу салалары | 5 | 635,8/635,8 |
5 | 6В09 Ветеринария | 6В091 Ветеринария | 5 | 635,8/349,4 |
Барлығы | 60 |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 04/01 қаулысына 2 қосымша |
|
Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 43/01 қаулысына 2 қосымша |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2020 оқу жылына арналған нысаналы трансферт есебінен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының балалары үшін жоғары білімді мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы (нысаналы ағымдағы трансферт сомасы есебінен)
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі
р/с | Білім беру саласының коды және сыныпталуы | Жоғары білім дайындау бағыттарының коды және жіктеуіші | 2019-2020 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі | Оқу жылы ішінде 1 студентті оқытуға жұмсала-тын орташа шығыстар (мың теңге) ұлттық жоғары оқу орындарын-да/ басқа жоғары оқу орындарында |
1 | 6B01 Педагогикалық ғылымдар | 6B011 Педагогика және психология | 2 | 635,8/443,3 |
6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы | 2 | 635,8/443,3 | ||
6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау | 2 | 635,8/443,3 | ||
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау | 10 | 635,8/443,3 | ||
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау | 4 | 635,8/443,3 | ||
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау | 5 | 635,8/443,3 | ||
6В019 Арнайы педагогика мамандарын даярлау | 5 | 635,8/443,3 | ||
2 | 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | 6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | 40 | 635,8/635,8 |
6B062 Телекоммуникациялар | 10 | 635,8/635,8 | ||
3 | 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары | 6B071 Инженерия және инженерлік іс | 45 | 635,8/635,8 |
6B072 Өндірістік және өңдеу салалары | 45 | 635,8/635,8 | ||
6B073 Сәулет және құрылыс | 20 | 635,8/635,8 | ||
6B075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) | 5 | 635,8/635,8 | ||
Барлығы | 195 |