Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы XLIІ сессиясының № 479 "Қарағанды облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3707 болып тіркелді, "Орталық Қазақстан" 2016 жылғы 22 наурыздағы № 53-54 (22159); "Индустриальная Караганда" 2016 жылғы 22 наурыздағы, № 35-36 (21980-21981) газеттерде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Қарағанды облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларында:
11-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"11. Облыс, соның ішінде Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегінде Балқаш көлінің аумағында орналасқан су объектілерінде шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу және оларды пайдалану Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 "Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11197 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 669 "Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17615 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады, тұрғын халықтың қауіпсіздігін және шағын көлемді кемелердің өтуін қамтамасыз ету үшін су пайдалануды оқшау немесе бірлесіп жүзеге асыратын су пайдаланушы жұмысты ұйымдастырады:
1) адамдардың шомылу аймағынан тысқарыда шағын көлемді кемелердің өтуі үшін ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршалған, "ДӘЛІЗ АЙМАҒЫНДА ШОМЫЛУҒА ҮЗІЛДІ-КЕСІЛДІ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!" деген ескерту және шектеу белгілері бар, ені кем дегенде 10 метр және ұзындығы кем дегенде 100 метр дәліз жарақтайды;
2) халықтың шомылу аймағын "қалқыма белгілерден тысқарыда ШОМЫЛУҒА ҮЗІЛДІ-КЕСІЛДІ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!", "ХАЛЫҚТЫҢ шомылу аймағында шағын көлемді кемелерде жүзуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!" деген ескерту және шектеу белгілері бар ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршайды.".
2. Шешімнің орындалуын бақылау өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Осин Ш.А.).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы | А. Магзумов |
Облыстық мәслихат хатшысы | С. Утешов |