Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 26.04.2022 № 26/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 19/01 "Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6271 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"2) тыңайтқыштарды субсидиялауға арналған (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) бюджет қаражатының көлемі 742 984 000 (жеті жүз қырық екі миллион тоғыз жүз сексен төрт мың) теңге сомасында бекітілсін.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының |
Ауыл шаруашылығы министрлігі |
___________ |
2021 жылғы "____"_______