Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 7 сәуіріндегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарағанды облысы Қарағанды қаласының келесі құрамдас бөлігі:
Октябрь ауданы – Әлихан Бөкейхан ауданы болып қайта аталсын.
2. Қарағанды облысы Балқаш қаласының келесі құрамдас бөліктері:
Ленин көшесі – Абай көшесі;
Абай көшесі – Ынтымақ көшесі болып қайта аталсын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының | Ж. Қасымбек |
Облыстық мәслихат хатшысы | С. Утешов |