Қарағанды облысының Қарағанды және Балқаш қалаларының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 88/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 127 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 қаңтарда № 26419 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 7 сәуіріндегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысы Қарағанды қаласының келесі құрамдас бөлігі:

      Октябрь ауданы – Әлихан Бөкейхан ауданы болып қайта аталсын.

      2. Қарағанды облысы Балқаш қаласының келесі құрамдас бөліктері:

      Ленин көшесі – Абай көшесі;

      Абай көшесі – Ынтымақ көшесі болып қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының Ж. Қасымбек
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Утешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады