"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының "Сот шешімімен Қарағанды қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 18 шілдедегі № 309 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4885 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихатының хатшысы | К. Бексултанов |