Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 06.03.2024 № 11/01 бірлескен қаулысымен және Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 06.03.2024 № 16/93 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жезқазған қалалық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Жезқазған қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Жезқазған қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 19/02 бірлескен қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 36/319 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5394 тіркелген, 2019 жылғы 04 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2019 жылғы 28 маусымдағы № 25 (281) "Жезказганский вестник", 2019 жылғы 28 маусымдағы № 24 (8138) "Сарыарқа" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде, қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру келесі санаттағы Жезқазған қаласының азаматтары үшін белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
4) бірінші және екінші санаттағы мүгедектерге;
5) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерге;
6) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр-Ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;
7) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік,жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы аналарға;
8) бала жасынан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелейтін аналарға;
9) үйлеріне барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің қызметкерлеріне.".
2. Осы бірлескен Жезқазған қаласы әкімдігінің қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жезқазған қаласының әкімі | К. Абсаттаров |
Сессия төрағасы | С. Жумкина |
Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы | С. Медебаев |