Жезқазған қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 19/02 бірлескен қаулысы және Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 36/319 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 маусымда № 5394 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 6 наурыздағы № 11/01 бірлескен қаулысымен және Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 16/93 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 06.03.2024 № 11/01 бірлескен қаулысымен және Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 06.03.2024 № 16/93 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жезқазған қалалық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде, қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру келесі санаттағы Жезқазған қаласының азаматтары үшін белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      4) бірінші және екінші санаттағы мүгедектерге;

      5) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерге;

      6) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр-Ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;

      7) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік,жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы аналарға;

      8) бала жасынан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелейтін аналарға;

      9) үйлеріне барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің қызметкерлеріне.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 19.02.2021 № 07/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен қаулысымен және Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 19.02.2021 № 2/19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      2. "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен қаулыдан және шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет белгіленсін.

      4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Жезқазған қаласы азаматарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Жезқазған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 28/36 бірлескен қаулысы және Жезқазған қаласы мәслихатының 2016 жылғы 13 қазандағы № 5/57 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4021 тіркелген, 2016 жылғы 11 қарашадағы № 46 (148) "Жезказганский вестник", 2016 жылғы 11 қарашадағы № 46 (8006) "Сарыарқа" газеттерінде, 2016 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 23 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Жезқазған қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен Жезқазған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 28/36 қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 13 қазандағы № 5/57 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жезқазған қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 18/04 бірлескен қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 12/128 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4350 тіркелген, 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 38 (193) "Жезказганский вестник", 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 38 (8051) "Сарыарқа" газеттерінде, 2017 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      5. Осы бірлескен Жезқазған қаласы әкімдігінің қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жезқазған қаласының әкімі К. Бегимов
      Сессия төрағасы С. Серикбаев
      Қалалық мәслихат хатшысы С. Медебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады