Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теміртау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Теміртау қаласының әкімі | К. Бегимов |
Теміртау қаласының әкімдігі 2021 жылғы 25 ақпандағы № 16/1 қаулыға қосымша |
1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 5/1 "Теміртау қаласы мен Ақтау кенті бойынша мүгедектер мен азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5178 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 15 ақпанда электрондық түрде, 2019 жылы 13 ақпанда "Отан-Заман" газетінің № 2 (95) санында жарияланған).
2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 14/1 "Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 16/1 "Теміртау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу Тiзiлiмiнде № 5274 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 12 сәуірде электрондық түрде, 2019 жылы 13 сәуірде "Сфера событий" газетінің № 14 (20) санында жарияланған).
3. Теміртау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 17/1 "Теміртау қаласы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу Тiзiлiмiнде № 5804 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 23 сәуірде электрондық түрде, 2020 жылы 6 мамырда "Ресми Жаршы" газетінің № 37 (1933) санында жарияланған).