Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаражал қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі №117 "Қауымдық сервитутты белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6022 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 7 қыркүйектегі электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Атасу-Қаражал" талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін Қаражал қаласының аумағындағы жалпы алаңы 8,22 гектар жер учаскесіне 10 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.".
2. "Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаражал қаласының әкімі | Т. Досаев |