Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 117 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 қыркүйекте № 6022 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және заңды тұлғаның өтінішін қарастырып, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Атасу-Қаражал" талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін Қаражал қаласының аумағындағы жалпы алаңы 8,22 гектар жер учаскесіне 10 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 11.02.2021 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласының әкім орынбасары Н. Умаровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласының әкімі Т. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады