"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 17 ақпандағы № 430 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3689 болып тіркелген);
2) "Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 430 "Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 118 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4115 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы | Т. Хмилярчук |