Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 125 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қарашада № 25233 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 17 ақпандағы № 430 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3689 болып тіркелген);

      2) "Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 430 "Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 118 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4115 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы Т. Хмилярчук

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады