Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 57/01 "Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5601 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай ауданының әкімі | С. Әбеуова |