Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 28.06.2024 № 16/119 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 ақпандағы №2/17 "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-12-125 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2012 жылғы 29 наурызда, "Жаңаарқа" газетінде 2012 жылғы 7 сәуірде № 16 (9489) жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
1 тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
4) тармақша алынып тасталсын;
7) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
"7) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда аз қамтылған отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;";
10) тармақша алынып тасталсын;
12) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
"12) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;";
2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.";
3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Шекті жол берілетін шығыстар үлесі мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, сондай-ақ телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің артуына ақы төлеу аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.";
2-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"2-тарау. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерлерін айқындау";
3-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"3-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі";
4-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"4-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мерзімдері және кезеңділігі";
5-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"5-тарау. Тұрғын үй көмегін өтіну және есептеу тәртібі";
18-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"18. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" №2314 қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы) бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды береді.";
18-1, 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6) тармақтары алынып тасталсын;
6-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"6-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу".
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Рахманкулова |
Жаңаарқа аудандық мәслихат хатшысы | К. Имантусупов |