Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 04.10.2024 № 293 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарқаралы ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану Қағидасы бекітілсін.
2. "Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі және Қарқаралы ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Э. Дюсетаев |
Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 17 мамырдағы № 195 қаулысына қосымша |
"Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарқаралы ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары
1. "Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарқаралы ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану жөнінде осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және "Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарқаралы ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін анықтайды.
2. "Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарқаралы ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:
1) біржолғы ақшалай сыйақы;
2) алғыс жариялау;
3) грамотамен марапаттау;
4) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.
3. Мемлекеттік қызметшіге бір ерекшелігі үшін бір көтермелеу ғана қолданылады.
4. "Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарқаралы ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша көтермеленеді.
5. "Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарқаралы ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін біржолғы ақшалай сыйақымен көтермелеу, құрамы аудан әкімінің өкімімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мәселелері жөніндегі Бірыңғай комиссиясының шешімінің негізінде жүргізіледі (бұдан әрі – Комиссия).
6. Біржолғы ақшалай сыйақы төлемі "Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне Қарқаралы ауданының әкімінің өкімі негізінде, ал Қарқаралы ауданының бюджетінен қаржыландырылатын өзге де атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне тиісті атқарушы орган басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік қызметшілер Қарқаралы ауданы әкімінің грамотасымен қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, "Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарқаралы ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган алдына қойған ерекше манызды тапсырмаларын шешуде қосқан жеке үлесі үшін марапатталады.
8. Мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, тапсырмаларды тиісті және адал атқарғаны үшін Қарқаралы ауданы әкімінің алғысы жарияланады.
9. Қарқаралы ауданы әкімінің грамотасымен және алғысын жариялаумен көтермелеу туралы шешім "Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарқаралы ауданының бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдардың бірінші басшыларының ұсынымдары бойынша қабылданады.
"Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарқаралы ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін аудан әкімінің грамотасымен көтермелеулерін есепке алу аудан әкімі аппаратының кадр қызметі бөлімі, көтермелеу бойынша мәліметтерді мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына енгізумен жүргізеді.
10. Грамота және алғыс жариялау мемлекеттік немесе орыс тілдерінде әзірленеді және Қарқаралы ауданы әкімінің қолы қойылады.
11. Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес "Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарқаралы ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің басқа формалары қолданылады.
12. Мемлекеттік қызметшілер мына жағдайларда көтермелеуге жатпайды:
1) алып тастамаған тәртіптік жазасы болса;
2) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;
3) мемлекеттік органда бір айдан аз жұмыс істегендер.